Президент 100 мың білікті IT-маман даярлау жөнінде тапсырма берді

computerschool.org

Мемлекет басшысы өз жолдауында заманауи инновациялық технологияның маңызына да тоқталды, деп хабарлайды Хабар 24.

Осыған орай айти-секторды күшейтуді тапсырды. Атап айтқанда, Цифрландыру жобасы аясында 100 мың білікті айти-маман даярлау жөнінде тапсырма берді.  Ал 2025 жылға дейін цифрлық саладағы қызмет көрсету мен тауар экспортын 500 миллион долларға жеткізу керек, – деді Президент. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл міндеттерді орындау үшін мемлекеттік секторды толықтай цифрландыру керек екенін айтты. Сондай-ақ мемлекеттік қызмет түрлерінің барлығын тұрғындар смартфоннан алуы тиіс екендігін атап өтті.