С.Абдрахманов: Жолдау - жылдың маңызды құжаты
Президент жолдауы – жылдың ең маңызды құжаты. Өйткені онда қазақстандықтардың өміріндегі ең өзекті мәселелер мен проблемалары көтерілді. Мәжіліс депутаты Сауытбек Абдрахманов осындай пікірде.
Сауытбек Абдрахманов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
– Алдағы бес жылдың ішінде халықты сапалы ауыз сумен 100 процент қамтамасыз ету жайында айтылды. Бұл біз үшін қуанышты жағдай. Содан кейін жалақы мөлшерін 60 мың теңгеге өсіру – миллиондаған адамның жағдайын жақсартатын дүние. Өйткені барлығы сол көрсеткішке байланысты өзгеріп кетеді.