Жолдауда әлеуметтік мәселелерге басымдық берілді
Президент Жолдауында білім беру, мәдениет салаларында еңбек етіп жүрген мамандардың әлеуметтік мәселелеріне де көңіл бөлінген. Бұл – Мәжіліс депутаты Наталья Дементьеваның пікірі.
Наталья Дементьева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
– Мәдениет саласындағы көптеген қызметкерлердің жалақысы төмен болып тұрды. Мысалы, кітапханашылар. Олардың жалақысына Президентіміз көңіл аударды. Олардың жалақысы жыл сайын 20 пайызға көтерілетін болады. Бұл – өте қуанарлық жағдай.