Президент: Лауазым иелері мемлекетке сатқындық жасады
Мемлекет басшысы қаңтар оқиғасында төңкеріс жасауға ұмтылғандардың арасында белгілі адамдардың болғанын айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Төңкеріс жасауға ұмтылғандардың арасында белгілі адамдар болды. Лауазым иелері мемлекетке сатқындық жасады. Олар күштік құрылымдардың заңға сәйкес қимылдауына кедергі келтірді. Мемлекет басшылығына қалалардағы ахуал туралы жалған ақпарат берді».
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауының толық мәтінімен таныс болыңыздар.