Қазақстанда Конституциялық сот құрылады
Мұндай ұсынысты Мемлекет басшысы жолдау кезінде айтты. Президент сөзіне қарағанда, бұл әділ әрі құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды қадам болады.
«Мен елімізде Конституциялық сот құруды ұсынамын. Бас прокурор мен Адам құқығы жөніндегі уәкілге де Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндігін берген жөн. Бұл бастамалар әділ әрі құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды қадам болады деп сенемін», - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауының толық мәтінімен таныс болыңыздар.