Ел Конституциясының 30-дан астам бабына өзгеріс енгізіледі

Қазақстан Конституциясының 30-дан астам бабына өзгеріс енгізілмек.

Бұдан бөлек жыл соңына дейін 20-дан астам заң қабылданбақ.

«Бұл бастамалар еліміздің саяси жүйесі мен әкімшілік-аумақтық құрылымын едәуір өзгертеді. Оны жүзеге асыру үшін Конституцияның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізу қажет. Сондай-ақ жылдың соңына дейін тағы 20-дан астам заң қабылдау керек», – деді Тоқаев өз жолдауында.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауының толық мәтінімен таныс болыңыздар.