Қ.Тоқаев: Азаматтар барлық деңгейде шешім қабылдауға қатысады
Бүгінге дейін Қасым-Жомарт Тоқаев саяси реформалардың 4 топтамасын ұсынған. 10 заң қабылданды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оның бірі әрі бастысы бейбіт жиынға рұқсат етілуі еді. Бұл арқылы жаңа саяси мәдениет қалыптасып, халықтың сенімі нығайды. Бірақ заңды бұзғысы келетіндер бар. Мемлекет басшысы жауапсыздық танытқандарға жаза қатаң деді. Азаматтық ойын білдіргендер барлық деңгейде шешім қабылдауға қатыстырылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Теріс пиғылды адамдар тобы бейбіт жиын туралы заңды бұзуға әрекет етіп жүр. Алайда ондайларға аяушылық болмайды. Бұл заң бұлжытпай орындалуы керек. Оны бұзғандар жазасын алды да. Заң билікке де, қоғамға да ортақ. Қазіргі саяси өзгерістер азаматтардың барлық деңгейде шешім қабылдауға дайын екенін көрсетті.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауының толық мәтінімен таныс болыңыздар.