Бюджет қаржысының жұмсалуына бақылау күшейеді – Жолдау
Енді елде Жоғары аудиторлық палата деп аталатын жаңа құрылым пайда болады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Басты мақсаты ел қазынасының әрбір тиыны мақсатты жұмсалуына бақылау жасау. Бұған дейін бұл міндет есеп комитетіне жүктеліп келді. «Елде түрлі ауқымды мемлекеттік бағдарламалар мен реформалар бар. Бірақ олардың жүзеге асырылуы көңіл көншітпейді. Сондықтан Парламент республикалық бюджеттің сапалы орындалуына бақылауды күшейту керек. Осы орайда есеп комитетінің орнына Жоғары аудиторлық палата құруды ұсынамын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауының толық мәтінімен таныс болыңыздар.