AMANAT саяси реформаға атсалысады
АМАНАТ партиясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын талқылау үшін барлық өңірдегі активімен бейнеконференция арқылы жиын өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Саяси ұйымның атқарушы хатшысы Асхат Оралов Президенттің реформаларын толығымен қолдайтынын айтты. Партия реформалар аясында жасалатын жұмыстар мен өзгерістерді бірден бастайды.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауының толық мәтінімен таныс болыңыздар.