Жаңа үш облыс құрылады: халық пікірі

Абай, Ұлытау, Жетісу. Елімізде осындай жаңа үш облыс құрылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жолдаудағы халықтың ең жылы қабылдаған Президент бастамаларының бірі осы. Мәселен, шығыста Абай облысы құрылып, орталығы Семей болады. Ал Жезқазған қаласы Ұлытау облысының орталығына айналады. Жетісудің орталығы Талдықорған, Алматы облысының орталығы болып Қапшағай қаласы бекітіледі.

БЛИЦ:

- Абай облысының құрылатындығын естіп қуанып жатырмыз. Бұл жалпы Семей жұрты үшін, Абай елі үшін, жалпы Алаш жұрты үшін үлкен қуаныш. Өйткені бұл өте уақтылы қабылданған шешім.

- Халыққа, жастарға жақсы болды. Жұмыс болады.

- Семей қаласына өте жақсы жаңалық. Семей қаласының дамуына жақсы ықпалын тигізеді деген ойдамын. Халыққа тиімділігі болады деген ойдамыз.

- Бұл идеологиялық тұрғыдан дұрыс деп ойлаймын. Ұлт ұясы – Ұлытау» дейміз. Бұл іс жүзінде осындай болу керек еді.

- Жеке дара дамиды. Елге үлкен экономикалық тұрғыдан, қай саласы болмасын пайдасы тиер. Дамуға жол ашылады деп ойлаймын.

- Облыс-облысқа бөлгенде ештеңе де жоқ. Ұлытау бола берсін. Оған қарсылығым жоқ.

- Бұл арада да халықтың өтінішін еске алды деп ойлаймыз. Халықтың жағдайын жасайтын, халықтың өтінішін жүзеге асыратын, халықтың жай-күйін жақсартатын дәуірде, санасатын биліктің жағдайында бұл дұрыс шешім деп есептейміз.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауының толық мәтінімен таныс болыңыздар.