Елдің саяси жүйесінде тепе-теңдік орнайды   

Қазақстандық билік иерархиясында Парламенттің рөлі айтарлықтай күшейеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді депутаттар тек заң шығарып қана қоймай, ел бюджетінің жұмсалуын аудиторлық палата арқылы қадағалауға құқылы. Сарапшылардың айтуынша, бұл өзгерістер күшіне енгенде Президент-Парламент-Үкімет тізбегінде тепе-теңдік орнайды.

Нұрбек Саясат, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Президенттік институт 3 билік тармағының үстіне шығып алып, қай билікке басымдық береді, сол билік басым болып шығады. Қазіргі таңда атқарушы билік басым болып тұр. Заң шығарушы билік пен сот билігі тәуелсіз билік деп айта алмаймыз. Қолдаушы екінші планға кетіп қалды. Бүгінгі жолдау сол тепе-теңдікті орнатып, халыққа бақылаушы баланс ұстаушы рөлін қайтарды.

Жақын арада депуттаттық корпусты жасақтау тәсілі де өзгеріске ұшырамақ. Келешекте олардың 70 проценті тепе-теңдік негізінде тағайындалады. Яғни мандаттар жиналған дауыс санына қарай кандидаттар тізімі арасында бөлінеді. Ал депутаттардың қалған 30 проценті округтардағы сайлаушылардың дауыс беруіне қарай іріктеледі.

Бөріхан Нұрмұхамедов, саясаттанушы:

– Мәжіліс құрамын қалыптастыру тәсілі өзгереді, яғни енді Парламентте мажоритарлы жүйе бойынша сайланған депутаттар болады. Олар бір мандаттық округтарда сайланады. Бұл жаңашылдық халықтың ел басқаруына қатысып, қабылданып жатқан шешімдерге ықпал етуіне мүмкіндік береді.

Ал Сенат депутаттары бұдан былай заң шығармайды. Олар Мәжіліс қабылдаған заңдарды мақұлдау немесе кері қайтару міндетін атқарады. Сондай-ақ сенаторлар Конституциялық сот пен Жоғарғы сот кеңесі төрағаларын тағайындайды. Бұл еліміздің саяси жүйесінде тепе-теңдік орнатуға айтарлықтай ықпалын тигізеді, – дейді сарапшылар.

Автор: Дариға Ташенова