Еліміздегі ҮЕҰ Жолдаудағы саяси реформаларды жүзеге асыруға атсалысады

Еліміздің үкіметтік емес ұйымдары Президент Жолдауындағы саяси реформаларды жүзеге асыруға атсалысады.

Бұл туралы бүгін Азаматтық альянс президенті Бану Нұрғазиева мәлімдеді.

Айтуынша, қоғам белсенділері түрлі саладағы заң жобаларын әзірлеуге, өңірлердегі өзекті мәселелерді шешуге үлес қосуды көздеп отыр. Бүгін Қазақстанның 17 аймағындағы үкіметтік емес ұйым өкілдері жиналып, өз ұсыныстарын әзірлеуге кірісті.

«Биыл азаматтық қоғамға артылған жауапкершілік едәуір артты», - деді Альянс басшысы.