Жастарға жылдық өсімі 2,5 проценттік жеңіл несие беріледі
Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына жылдық өсімі 2,5 процент болатын жеңілдетілген шағын несие беріледі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында осылай деп мәлімдеді. Сондай-ақ еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасқа жұмыс беріледі. Бұл қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал етеді.