Л.Рамазанова: Ауыл әйелдері назардан тыс қалмайды
Ауылдық жерлерде жоғары білімі мен еңбек өтілі жоқ қыз-келіншек көп.
Болашақта олардың зейнетке шығу жасы мен зейнетақы мөлшерін анықтау және бекіту жұмыстарын жүргізу қажет. Парламент Мәжілісінің депутаты Ләззат Рамазанова осылай дейді. Оның айтуынша, осы мақсатта алдағы 5 жыл ішінде реформалық өзгерістер енгізу керек.
Ләззат Рамазанова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Әйел азаматтардың зейнетке шығу жасымен бірге зейнетке шыққан жағдайда да оның зейнетақысы ертеңгі күні АСП жағалап кетпейтіндей болуға тиісті. Мысалы біз ауылдық жерлердегі әйел азаматтарды назарымызға алуымыз керек. Бірде бір күн жұмыс істемей, «отбасым, бала» деп отқан әйелдер қаншама?! Ертеңгі күні олар зейнетке шыққан кезде олардың зейнетақысы балаларының аузына қарап отыратындай болмауы керек.