Аймақ басшылары азаматтармен кері байланысты күшейтуі қажет –Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдермен кеңес өткізіп, осындай тапсырма берді.

Президент Үкімет пен әкімдерге елдің әлеуметтік мәселелерін жедел реттеу және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған шаралар қабылдауды тапсырды. Кеңес соңында Президент Қазақстан халқына арналған бүгінгі Жолдауда жүктелген міндеттерді жүзеге асыру аса маңызды екенін ескертті.