412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Д.Назарбаева: Халықтың мұң-мұқтажына, мемлекет өміріне белсенді қатысыңыздар

  • 619
  • UPD: 12:15, 03.02.2017
Д.Назарбаева: Халықтың мұң-мұқтажына, мемлекет өміріне белсенді қатысыңыздар

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева Тұңғыш Президент қоры мен Әлемдік экономика және саясат институтының қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» халыққа Жолдауын іске асыру мәселелері талқыланды.

Стратегиялық құжаттың төртінші басымдығы адам капиталын жақсартуға ерекше назар аударылды. Кездесуге қатысушылар ауылдық жерлердегі білім беруді дамыту, үш тілде білім беруге кезең-кезеңімен көшу, «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын іске асыру мәселелерін жөнінде өз пікірлерін ортаға салды.

Д.Назарбаева Институт сарапшылары мен Қор қызметкерлерінің назарын Жолдау ережелеріне сәйкес жұмысты қайта қалыптастыру қажеттігіне аударды. «Халықтың мұң-мұқтажына, ішкі саясатқа назар аударыңыздар, мемлекет өміріне белсенді қатысыңыздар», - деді сенатор.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы