386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжіліс депутаттары Қостанай машина жасау зауытының ұжымымен кездесті

  • 371
  • UPD: 20:22, 03.02.2017
Мәжіліс депутаттары Қостанай машина жасау зауытының ұжымымен кездесті

Мемлекет басшысының Жолдауында экспортқа негізделген экологиялық таза автокөлік өндірісін дамыту мәселесі де айтылғаны белгілі.

Маңызды құжатты көпшілікке кеңінен таныстыруды мақсат тұтқан Мәжіліс депутаттары бүгін Қостанайдағы машина жасау зауытының ұжымымен кездесті. Биыл кәсіпорын он мыңнан астам машина құрастыруды жоспарлап отыр. Әсіресе JAK маркалы электромобильдер жаппай шығарыла бастамақ. Өткен жылы Қостанай автозауытында тәжірибе түрінде электромобильдің 12 данасы құрастырылған болатын. Олардың бірқатары сатуға шығарылса, енді бір бөлігі сынақтан өткізіледі. Бастапқы нәтиже тоқпен жүретін көліктердің тиімділігін көрсетті. Қазір кәсіпорын экспортқа шығу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Алдымен электромобильдерді Ресейге, сондай-ақ Орталық Азия елдеріне өткізудің стратегиясы әзірленеді.

Айзада Құрманова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Болашақта дәл осы кәсіпорын гибридтік және толықтай JAK электромобильдерін шығаратын зауыт болады. Бұл – экспорт бағыттағы кәсіпорын. Осындай кәсіпорындарды елімізде дамыту үшін жоғары технологияларды енгізу керек, инновациялық жүйелерді енгізу керек, оны дамыту үшін Елбасы Жолдауында технологияны өндіру үшін Үкіметке тапсырма беріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы