385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Б.Әйтімова тың реформалардан күтілетін нәтижелердің тиімді тұстарына тоқталды

  • 501
  • UPD: 10:37, 06.02.2017

Президенттің Жолдауы мен мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттікті қайта бөлу туралы үндеуін Ақжайық өлкесіндегі мәдениет саласының өкілдері де талқыға салды.

Өңір тұрғындарымен өткен кездесуде Сенат депутаты Бірғаным Әйтімова тың реформалардан күтілетін нәтижелердің тиімді тұстарына тоқталды. Дамудың жаңа кезеңінде ел тұрғындары демократиялық жаңғыруды айқын сезінуге мүмкіндік алады. Ал жаңғырту кезеңінде қазақстандықтар үшін білімді болумен қатар бизнесті дамыту, тілдерді меңгеру және сандық технология жетістіктерін молынан игерудің маңызы арта түспек.

Бірғаным Әйтімова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Кездесіп жатқан халықтан естігенім тек қана осы қошеметтеп, қолдап осындай өзгерістерге ризашылығын білдіріп жатыр. Әсіресе бір кейбір Конституцияның баптарына шынында да толығымен қанағаттандырушылық көрсетіп жатыр. Менің ойымша, осы халықаралық талқылауға жіберген осы өзгерістерді Президент өте маңызды, әрбір қазақстандыққа қатысты болғандықтан шынында да халықтың көңілінен шығып жатыр.

Айгүл Орынғалиева, облыстық халық шығармашылығы орталығының бөлім басшысы:

- Елбасының да, біздің де бағытымыз қалай да Қазақстанның дамыған елдердің қатарына қосылуы. Осы бағытта 5 басымдықты атап көрсетеді. Соның ішінде мыналарды тиімді деп ұсынғым келеді. Біріншіден, мысалы өзіміздің жеке өнімдерімізді таза, сапалы шығарсақ, бұл біздің болашағымыздың денсаулығына пайдасын тигізеді деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы