412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мұхтар Құл-Мұхаммед Семейдегі әлеуметтік нысандарды аралады

  • 733
  • UPD: 20:57, 07.02.2017

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Семей қаласындағы әлеуметтік нысандарды аралады.

Шаһардың сол жағалауының 3/2-сіне қызмет көрсететін бірінші жылу орталығы Елбасының тікелей тапсырмасымен қайта жаңғыртылған болатын. Оған мемлекет қазынасынан 23 млрд теңге жұмсалды. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары жаңа жедел жәрдем ауруханасында болып, дәрігерлермен жүздесті. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауындағы белгіленген денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған басым бағыттарын талқылады. 

Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары:

- Елбасымыз биылғы Жолдауда көрсетілген, атап көрсетілген міндетті медициналық сақтандыру мәселесі медицина қызметінің алдына жаңа міндеттер жүктейді. Ол – медициналық қызметтің сапасын арттыру, ол медициналық қызметтің түрін көбейту. Сонда ғана дәрігерлер де риза болады, халық та риза болады. Міне, Елбасы осы жүйені жүзеге асыру үшін қажетті жағдайдың бәрін жасап отыр.

Хабар 24 телеарнасы