411,61 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Т.Балқияев: Елдің әлеуетін көтере алатын адам – кәсіпкер

  • 631
  • UPD: 20:58, 07.02.2017

Экономиканы алға қарай қозғайтын күш кабинетте отырған министрдің өзі емес.

Елдің әлеуетін көтере алатын адам – кәсіпкер. Өйткені, өз ісін, бизнесін, кәсіпорын ашатын бизнес саласының өкілі ең алдымен халыққа жұмыс орындарын ашады. Елбасының соңғы Жолдауына қатысты ойын жеткізген Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығының сарапшысы Талғат Балқияев осылай дейді. Оның айтуынша, мемлекеттік басқару жүйесі ең алдымен бизнеске көңіл бөлуі керек.

Талғат Балқияев, Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығының сарапшысы:

- Шынымен де, мемлекеттік басқару жүйесі бизнеске дұрыстап назар аударғаны жөн. Яғни, олар кәсіп иесіне, елімізге ақша салатын инвесторларға барлық жағдайды жасауы керек. Міне, дәл осы мәселе Президент Жолдауында айқын көрініс тапты. Өмірлік тәжірибе көрсетіп отырғандай, мемлекеттің өзі мықты менеджер бола алатынын дәйектей алмады. Сол үшін Елбасы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саласын дамыту жайын сөз етті деп ойлаймын. Қазір әлеуметке, білім мен денсаулық салаларына мемлекет жауапты екенін білеміз. Яғни, бұдан шығатын қорытынды – мемлекет атқаратын кейбір қызмет түрлерін жекенің қолына тапсыру мәселесі өткір тұр.

Хабар 24 телеарнасы