412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Б.Сағынтаев Алматыдағы инновациялық технологиялар паркінің жұмысымен танысты

  • 710
  • UPD: 19:35, 08.02.2017

Қазақстан Республикасының Премьеринистрі Бақытжан Сағынтаев бүгін Алматыға жұмыс сапарымен барды.

Үкімет басшысы Елбасының «Қазақстандық үшінші жаңғыру: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауын жүзеге асырудағы қолға алынған істер мен инновациялық технологиялар паркінің жұмысымен танысты.

Елбасы Жолдауында экономиканы дамыту үшін заманауи озық жобалар мен тегеурінді технологиялық тетіктерді жасап, пайдалану керектігін баса айтқан. Осы мақсатта елдегі ғылыми жетістіктерге жүгініп «Сандық Қазақстан» атты мемлекеттік бағдарламаны белсенді іске асыру міндеті тұр. Ал «Алатау» инновациялық паркінде қазірдің өзінде соны жобалар жасалып, 221 мекеме жұмыс істеуде. Мысалы, мұнай-газ саласында салиқалы бастама бар. Былтыр мұнда кен орнын бұрғылау әдісін үйрететін жаттығу қондырғысы орнатылды. Мұндай технологиялық жетістік әлемнің тек үш-ақ елінде бар. Осыған дейін бұрғылау технологиясын біздің мамандар шет елдерден оқып келген еді. Оған қыруар мол қаржы жұмсалатын. Енді отандық мамандар өзімізде дайындалады. Бұл қондырғының арқасында жылына жүзге жуық маман бұрғылау әдісін меңгереді.  

Қанат Сүлейменов, Инженеринг және ақпараттық технологиялар институтының қызметкері:

- Бұл қондырғымен оқыған адамдар кейін халықаралық сертификат алып шығады. Ол сертификатпен барлық әлемде, кез келген мемлекетте жұмыс істей берсе болады. Бізде өзімізде оқытсақ, жергілікті кәсіпорындарды дамытамыз, екіншіден, өзіміздің Қазақстанда сертификат беретін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы