411,61 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жолдау мен Үндеу насихатталған сапар

  • 982
  • UPD: 19:36, 08.02.2017

Жолдауды жүзеге асыру әр сала маманына жүктелген жауапты міндет.

Стратегиялық құжаттағы басым бағыттар мен межелі мақсаттарды орындау арқылы еліміз заман көшінен қалмай, технологиялары дамыған алдыңғы қатарлы мемлекеттер сапынан көрінеді.

Елбасы Жолдауындағы басым бағыттар мен Үндеуіндегі идеяны жеткізу мақсатымен өңірге келген Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулинмен кездесуге Қарабұлақ кентінің тұрғындары әдейі келді. Спикер ең алдымен биылғы Жолдаудың ерекшелігіне тоқталды. Стратегиялық құжатта жаңа технологияларды дамытуға ерекше мән берілген.

Қайрат Андаспеков, Балпық би атындағы орта мектеп мұғалімі:

- Елбасы өзінің Жолдауында әрбір қазақстандықтың өмірі үшін өте маңызды мәселелерді айтты. Оның барлығы бізге жаңа күш берді. Өзім мұғалім болғандықтан, әсіресе, білім саласында болатын жаңалықтарды куана қабылдадым. Ол біздің ауыл тұрғындары үшін де, педагогтар үшін өте маңызды.

Сондай-ақ, дәстүрлі салаларды жетілдіруге айрықша көңіл бөлініп отыр. Яғни, индустрияландыруды жалғастыру қажет. Бұл тұрғыда экспорттық әлеуетті арттыру маңызды. Мәжіліс төрағасы осы орайда Президент Үкімет алдына 2025 жылға қарай шикізаттық емес экспортты 2 есе ұлғайту міндетін қойғанын айтты.

Қанат Жұмағалым, ауыл тұрғыны:

- Мәжіліс депутаттары еліміздің түкпірінде, алыс ауылдарда, елді мекендерде халықпен осындай кездесулер өткізіп жатқаны өте жақсы, өте дұрыс деп ойлаймын.

Нұрлан Нығматулин тоқталған келесі бағыт ауыл шаруашылығы саласы. Жолдауда «Аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек» делінген. Сөзсіз, агроөнеркәсіп кешенінің болашағы зор. Президент осы тұрғыда экологиялық таза өнімдердің үлесін арттыруды тапсырды. Мәжіліс төрағасы бұл бағыт бойынша өңір тұрғындарына жауапты міндеттің жүктеліп отырғанын айтты.

Ескелді ауданы бойынша аграрлы салада толағай табысы бар нысандардың бірі Хильниченко шаруа қожалығы. Нұрлан Нығматулин бұл жерде серіктестік жетекшілерімен кездесіп, қожалықтың бүгінгі аяқ алысымен танысты.

Бұл шаруашылық мал өсірумен қатар егін де егеді. Соның бір айғағы макарон цехында 9 түрлі өнім шығарылады. Бір тәулік ішінде 900 келіге дейін дайын өнім сауда орындарына жіберіледі. Осылайша Алматы облысын табиғи таза тауарлармен қамтамасыз етуге қожалық өзінің сүбелі үлесін қосып келеді.

Биыл 1 шілдеден бастап міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізіле бастайды. Оған аймақтың қаншалықты дайын екеніне көз жеткізу үшін Нұрлан Нығматулин орталық аудандық ауруханаға бас сұғып, мекеменің материалдық-техникалық базасымен танысты. Жолдауда техникалық-кәсіптік білім жайы да назардан тыс қалған жоқ. Себебі, экономиканы әртараптандыру арқылы елімізде кәсіби білікті мамандарға деген сұраныс артпақ. Құрылыс саласында қолданылатын 280 алюминий өнімін шығаратын кәсіпорында болған Мәжіліс төрағасы осыған ерекше назар салды.

Айта кетейік, зауыттың жылына 1200 тонна алюминий өнімдерін шығаруға қауқары бар. Еліміздегі ірі кәсіпорында еңбек етіп жатқан мамандар Президент Жолдауына қатысты өз ойларын ортаға салды.

Ернар Нарбаев, инженер-технолог:

- Ең бастысы, Елбасы бізге табысты жұмыс істеп, алаңсыз өмір сүруге мүмкіндік жасап отыр. Бұл жолы да саяси жаңғыртуға арналған Үндеуде және халыққа арнаған Жолдауда Президент одан әрі мықты мемлекет болудың нақты жолдарын ұсынды. Мен Елбасының батыл қадамын өте қажетті деп білемін және толықтай қолдаймын.

Кездесу барысында жұмысшылар қауымы көкейлерінде жүрген сұрақтарын да жолдап, оған тұщымды жауап алды. Мәселен, сауалдардың дені «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысты болды. Мәжіліс төрағасы 1 жарым млн қазақстандықты баспанамен қамтуды көздейтін бағдарламаның ұтымды тұстарын айтып берді. Өңір халқы стратегиялық құжатта айтылған барлық бағытты қолдап, межелі мақсаттарды жұмыла жүзеге асыруға дайын екендіктерін жеткізді.

Авторы: Достық Талғатұлы

Хабар 24 телеарнасы