412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А.Перуашев: Үкіметтің өкілеттілігін күшейту - заман талабы

  • 629
  • UPD: 19:49, 11.02.2017

Парламент пен Үкімет арасындағы байланысты жаңа жүйеге келтіру қажет.

Парламенттік фракциялардың рөлін белгілеу де маңызды. «Ақ жол» партиясы конституциялық реформаға қатысты осындай бірқатар ұсыныс әзірледі. Партия төрағасы Азат Перуашевтің айтуынша, Елбасының 40-тан астам құзыретін билік тармақтарына бөліп беруі арқылы Жолдаудағы міндеттерді мінсіз жүзеге асырамыз. Құжатта әсіресе кәсіпкерлікті дамытуға көптеп көңіл бөлінген. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, жалпы ішкі өнімдегі орта және шағын бизнестің үлесін 50%-ға жеткізу керек. Бұл ретте мемлекеттік компаниялар саны қысқартылып, жеке бизнеске кең мүмкіндік жасалғалы жатыр. Енді еліміздің алдында іскер азаматтарға қолбайлау болатын кедергілерді түпкілікті жойып, заманауи индустрияны дамыту қолданыстағы өндірістерді жаңғырту міндеті тұр. «Ал конституциялық реформаға өзгерістер енгізу көздеген мақсатқа жетуге септігін тигізеді», - дейді Азат Перуашев.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- «Ақ жол» партиясы конституциялық реформаны екі қолмен қолдайтынын біз ресми түрде айттық. Арнайы үндеу қабылдадық. Біздің ойымызша, қазіргі кезде Парламенттің функцияларын кеңейту, Үкіметтің өкілеттілігін күшейту деген - заманның талабы. Заман талаптарына сай болу үшін біз өзіміздің саяси жүйемізді де соған келтіруіміз керек. Сондықтан біз осы реформаны қолдаймыз.

Хабар 24 телеарнасы