Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 136
410,33 456,25 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Г.Кнабе: Үшінші жаңғырту Қазақстанның ғаламдық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді

  • 801
  • UPD: 22:28, 11.02.2017

Үшінші жаңғырту еліміздің ғаламдық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді.

Германияның Орталық Азия елдері бойынша сарапшысы Гюнтер Кнабенің пікірі осындай. Ол біздің арна тілшісіне берген сұхбатында Елбасының халыққа Жолдауы маңызды екенін атап өтті. «Президент Қазақстанның әлемдегі озық 30 елдің қатарына қосылуы үшін басты басымдықтарды саралап берді», - дейді сарапшы.

Гюнтер Кнабе, Орталық Азия елдері жөніндегі сарапшы /Германия/:

- Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауы Қазақстан экономикасын одан әрі дамытуға бағытталған. Президент әсіресе орта және шағын кәсіпкерлікті өркендетуге басымдық беріп отыр. Бұл өте орынды. Себебі, бизнесті дамыту өңірлерде қосымша жұмыс орындарын ашуға септігін тигізеді. Сондай-ақ, сіздердің елдеріңіз үшінші жаңғыртуды қолға алып жатыр. Бұл шаралар әлемнің ең дамыған озық мемлекеттерінің қатарына қосылуға мүмкіндік береді. Мен жаһандық экономикалық қиындықтарға қарамастан сіздердің көздеген межеге қол жеткізетіндеріңізге сенемін.

Хабар 24 телеарнасы