414,13 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А.Видякин: ҚР Президенті ғаламдық экономикадағы күрделі процестерді нақты әрі дәлме-дәл бағамдап отыр

  • 560
  • UPD: 15:22, 13.02.2017

Қазақстан Президенті дәстүрлі Жолдауында ғаламдық экономикадағы күрделі процестерді нақты әрі дәлме-дәл бағамдап отыр.

Басым бағыттар қатарында әлемдік қаржы дағдарысы мен табиғи ресурстар бағасына қатысты мәні зор мәселелер де бар. Балтық-Қазақстан экономикалық даму қауымдастығының басшысы Александр Видякиннің ойы осыған саяды. «Елбасы ұсынған Төртінші өнеркәсіптік төңкеріс бастамасы біздің Латвия үшін де өте өзекті», - дейді ол.

Александр Видякин, Балтық-Қазақстан экономикалық даму қауымдастығының басшысы:

- Қазақ елі Президенті ғаламдық Төртінші өнеркәсіптік төңкерістің басталғанын тек Қазақстанға емес, бүкіл әлемге қарата айтты. Жұмыс бағытын түбегейлі өзгертпегендер қиын жағдайға ұшырайды. Сондықтан, Президенттің өз ойын нақты тұжырымдағанына рақмет. Әлемдік өзгерістерді сезіп тұрмыз, Н.Назарбаев өз Жолдауында әр мәселеге жеке-жеке тоқталып өтті. Біз жаңа технологияларды, сандық технологияларды, сандық экономиканы дамытып, бөлісуіміз керек. Бізде сандық экономикада өте қызықты жаңа бастаулар бар. Қазақстан басшысының қолдауымен біз күш біріктіріп, оны дамытуымыз керек. Осы бағытта бірігіп, әлі де талай белестерді бағындыра алатынымызға сенімдімін.

Хабар 24 телеарнасы