376,09 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тиімді экономикасы мен толысқан қоғамы бар Қазақстан қуатты мемлекетке айналды

  • 571
  • UPD: 16:32, 17.02.2017

Италияның Азия және Жерорта теңізі институтының президенті Жан Гуидо Фоллонидің ойынша, еліміздегі саяси жүйені демократияландыру дұрыс шешім.

Тиімді экономикасы мен толысқан қоғамы бар Қазақстан қуатты мемлекетке айналды. Сарапшы реформа үлкен жауапкершілікті қажет етсе де, таңдалған бағыт дұрыс деп санайды.

Жан Гуидо Фоллони, Италияның Азия және Жерорта теңізі институтының президенті:

- Президент Н.Назарбаевтың алға бастауымен жүріп келген Қазақстан басқа елдердің назарын өзіне бірден қаратты және бәрінің де құрметіне лайық. 90-жылдары күйреген Кеңес жүйесінің бөлігі ретінде қазақ елі көптеген қиындықтарға тап болды. Жаңа мемлекетті құрастыру, ұлттық бірегейлікті қалпына келтіру, экономика мен нарықтық қатынастарға бағытталған әлеуметтік өсімді іске қосу маңызды болды. Қуанарлығы, бұл міндеттердің барлығы орындалды. Сол себепті, бүгін жетіліп, күшейген мемлекеттің жүзеге асырып отырған реформасы дұрыс қадам деп есептеймін. 

Хабар 24 телеарнасы