389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы Жолдауы қырғыз этномәдени бірлестігінде талқыланды

  • 620
  • UPD: 12:45, 19.02.2017

Елбасы Жолдауын Қазақстандағы қырғыздардың этномәдени бірлестігі де талқыға салды.

Сөз алғандар ең әуелі бірлік пен ынтымақ табыс кепілі екенін айтты. Тіл табысып, алға ұмтылғанда ғана кез келген биікті бағындыру мүмкін десті. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында «экономиканы және әлеуметтік салаларды одан әрі дамудың бағыт-бағдарын көрсетті, ендігі міндет ілкімді істерді бірлесе жүзеге асыру», - деді жарыс сөзге шыққандар. Конституциялық реформаға қатысты өз ойын ортаға салған бірлестік өкілдері ел өміріндегі екі бірдей саяси оқиғаның мемлекеттегі кез келген тұрғынға қатысты екенін атап өтті.

Әбдірашит Тоқтоғулов, қырғыз этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары:

- Қаңтардың 31-інде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауы болып өтті ғой, мұнда көп міндеттерді алға қойды Елбасымыз. Сол қойған міндеттерді атқаруға Қазақстанда тұратын қырғыздар этномәдени орталығы өз салымызды қосып атқаруға міндеттіміз ғой.

Хабар 24 телеарнасы