410,33 456,25 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А.Дестекс: Н.Назарбаев жаңғыртуды ел игілігі үшін жасап отыр

  • 1228
  • UPD: 11:38, 27.02.2017

Қазақстан бірінші және екінші жаңғыртудан кейін қарқынды дамып келеді.

Шетелдік инвесторлардың да елге қызығушылығы артып отыр. Брюссельдегі ел экономикасын жаңғыртудың үшінші кезеңі жайында Бельгия Парламенті Сенатының мүшесі Алан Дестекс осындай пікір білдірді. «Президент Назарбаев жаңғыртуды ел игілігі үшін жасап отыр. Менің ойымша, бұл дұрыс бағыттағы жаңа қадам», - дейді бельгиялық саясаткер.

Алан Дестекс, Бельгия Парламентінің сенаторы:

- Қазақстанның 1990 жылдан бергі экономикасының дамуы таңғаларлық. Жалпы ішкі өнім 10 есе өсті, кедейлік деңгейі төмендеді, бұл, әрине, өте маңызды. Қазақстанның Үшінші жаңғыруы бірнеше бағытпен жүріп жатыр. Атап айтқанда, мұнай бағасы, газ, металдар мен уран және тағысын тағы. Экономиканың табысты дамуының тағы бір шарты заң үстемдігі. Мемлекетке инвесторлар келу үшін Үкіметтің бизнеске қатысты жүргізіп отырған саясатына сенімді болуы шарт. Менің ойымша, Қазақстанның 2050 жылға дейін дамыған 30 елдің қатарына кіру мүмкіндігі жоғары.

Хабар 24 телеарнасы