378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жолдаудағы ұлтжандылықты дамыту идеясы рухани жаңаруға бастайды

  • 934
  • UPD: 13:00, 03.03.2017

Президент жолдауындағы ұлтжандылықты дамыту идеясы рухани жаңаруға бастайды.

Философия, саясаттану және дінтану институтының ұйымдастыруымен өткен семинарға қатысушылар осындай пікірде. Елбасы биылғы жолдауында халықты бірлікке шақырып, қоғамдық қатынастарды ретке келтіретін бағыттарды айқын көрсетіп берді. Өз кезегінде гуманитарлық саланың ғалымдары рухани құндылықтарды дамыта отырып, азаматтардың білімін көтеруге ат-салыспақ. Президент Жолдауының өзекті мәселелерін талқылауға арналған семинарға - сарапшылар ғалымдармен қатар, студент жастар да қатысты.

Серік Нұрмұратов, философия, саясаттану және дінтану институты директорының орынбасары:

- Негізінен жолдауда көптеген маңызды мәселелер айтылды. Технологиялық тұрғыда, экононмикамызды жаңғырту, саяси жаңғыру мынау рухани жаңғыру мәселелері қозғалды. Бұл үлкен, терең мәселе. Себебі рухани тәрбие деген сөз кез келген қоғамның ол тірегі. Сол арқылы адам адам бола түседі, қоғам өзі тұтастана түседі. Рухани мынандай құндылықтар жоғары болмаған ел ыдырай бастайды.

Хабар 24 телеарнасы