386,68 428,91 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытай сарапшылары: Өзіндік даму жолы - Қазақстанның болашақ жетістіктерінің кепілі

  • 1309
  • UPD: 13:02, 03.03.2017

Өзіндік даму жолы Қазақстанның болашақ жетістіктерінің кепілі, - дейді Қытай сарапшылары.

Бейжіңде өткен жиында Елбасының жолдауы мен конституциялық реформалар жобасы талқыланды. Ғалымдар мен сарапшылар Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның үшінші жаңғыруы жолында айқындап берген бес негізгі басымдық жөнінде пікір алмасты. Қазақ елі экономикалық және саяси жүйесін жаңғырту мақсатында дамудың жаңа сатысына көтерілді. Саяси тұрақтылық, халықтың әл-ауқатын көтеру және экономикалық дамуды қамту сынды ортақ мақсаттары бар Қазақстан мен Қытайдың жаңа реформалардағы ұқсас тұстарын анықтап, екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайту арқылы бірге даму қажет дейді олар.

Чжао Чанцин, Еуропа мен Азияны зерттеу институтының профессоры:

- Мен Жолдауда әлемдегі және Қазақстандағы жағдайдың нақты бағасы берілген деп есептеймін. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашағын айқындап, сын-қатерлерді күтіп отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын халық қана жеңіске жетеді» - деген сөзінен-ақ, Қазақстанның маңызды қадамға бел буғанын түсінуге болады. Кеңес Одағынан ыдырап, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына қосыла білген қазақ елі алдағы нақты міндеттерін айқындау арқылы, мақсатқа жетуге еш кедергі жоқ екенін көрсетіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы