389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Нұр Отан» партиясы мүшелері Жолдауды еңбек ұжымдарында түсіндіріп жатыр

  • 1202
  • UPD: 13:00, 07.03.2017

«Нұр Отан» партиясының мүшелері Мемлекет басшысының Жолдауын еңбек ұжымдарында түсіндіріп жатыр.

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филормониясының бастауыш партия ұйымының мүшелері де әріптестерімен кездесу өткізді. Филормонияда ел ризашылығына бөленіп жүрген бес танымал шығармашылық топ бар. Жалпы ұлттық өнер мәдениетті қоғамның маңызды элементі болып қала береді. «Президентіміздің ел алдына міндет қоярда білім беру мен адами капиталдың дамуына аса мән беруі де сондықтан», - дейді сахна саңлақтары.

Жеңіс Сейдоллаұлы, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филормониясының директоры:

- Елбасы білді болашақ жастардың қолында екенін. Сол жастар өзінің жұмыстарын халыққа көрсетіп жатыр. Қазіргі болайын деп жатқан ЕХРО-мыз бар, кешегі өткен Универсиадамыз бар. Солардың бәрі осы біздің жас еліміздің қарқынды дамып келе жатқанын білдіреді. Өнер адамдары жандары таза, осы елдің бүгіні мен ертеңіне сеніп қарайтын жастар.

Хабар 24 телеарнасы