378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан сырттан келетін нан өнімдеріне жыл сайын 3 млрд теңге жұмсайды

  • 1040
  • UPD: 11:15, 09.03.2017

Қазақстан сырттан келетін нан өнімдеріне жыл сайын 3 млрд теңге жұмсайды.

Сондықтан еліміз бидайды экспорттап қана қоймай, әлемдік нарыққа нан өнімдерін де көптеп шығаруы керек, - дейді Қазақстандағы армян этномәдени орталығының өкілдері. Елбасы Жолдауында экономиканы әртараптандыру, инновациялық жобаларды іске асыру жолдары нұсқалған. Маңызы терең құжатта өз кәсібін ашып, жеке іс бастауға ниетті әр азаматтың 16 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алуына мүмкіндігі бары айтылған. Жолдаудың тағы бір маңызды тұсына тоқталған кәсіпкерлер мемлекеттік және жекеменшік әріптестік бағдарламасын одан әрі дамыту туралы ой-пікірін ортаға салды. Мәселен, осы бағдарлама қолға алынғалы бері елімізде 100 мың баланы қамтитын 1 130 балабақша ашылған.

Артуш Карапетян, Қазақстандағы армян мәдени орталығының басшысы:

- Жолдауда шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше мән берілген. Бұл жеке кәсіппен қатар отбасылық бизнесті жүргізуге ынталандырады. Сөйтіп, күнделікті тұрмысқа қажетті тауарларды ауыл-аймақтарда да шығаруға болады.

Хабар 24 телеарнасы