378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшы: Жолдау - мемлекеттің озық отыз елдің қатарына енудегі тағы бір сәтті қадамы

  • 1040
  • UPD: 13:37, 18.03.2017

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауы - мемлекеттің озық отыз елдің қатарына енудегі тағы бір сәтті қадамы.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Франк Альбоның ой-пікірі осындай. Оның пайымдауынша, алға қойған міндеттер өте биік, бірақ жүзеге асары анық. Альбо - елорданың 20 жылдығына және ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне арналған «Астана: жұмбақ, сәулет және тағдыр» атты кітаптың авторы. Бірнеше мәрте Қазақстанда болғандықтан еліміз жайлы жақсы біледі. Профессор мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық жетістіктеріне тәнті болып жүр.

Франк Альбо, профессор, тарих ғылымдарының докторы:

- Адам нанғысыз жағдай. Бұл көрегендіктің белгісі. Қазақстанның тынысы кеңейіп жатыр. Мен мұны жаһандық деңгейде айтып жатырмын. Қысқа мерзімде бұған қалай қол жеткізілді? Экономикалық ғана емес имидждік тұрғыда да Қазақстан бүкіл әлемге танылды. Бұл сіздердің жүріп өтетін жолдарыңыз. Экономиканы жаңғырту нақты қадамдардың құрамдас бөлігі болуы тиіс. Президентіңіздің көрегендігіне мен тәнтімін және қолдаймын.

Хабар 24 телеарнасы