389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үкімет басшысы жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды

  • 1438
  • UPD: 20:43, 29.03.2017

Сапар барысында Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы» атты Жолдауының іске асырылуы, агро-өнеркәсіптік кешенді дамыту, сондай-ақ нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларының орындалу барысымен танысты.

Сонымен қатар, өңірдегі ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды аралап, аталған саладағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына баға берді. Өңір тұрғындарымен және кәсіпкерлермен кездесу барысында тұрғын үй құрылысы ауыл шаруашылығын дамыту және өзге де келелі мәселелер көтерілді. Үкімет жұмысындағы басымдыққа ие бағыттардың бірі базалық индустрияландырудың дамуы. Өнеркәсіп өндірісінің технологиялық қайта жабдықталуы экономикалық өсімнің жаңа моделін құрудағы маңызды бағыт болып табылады. Бақытжан Сағынтаев машина жасау компаниясы мен трансфоматор зауыты секілді өңірдің іргелі өндіріс ошақтарымен танысты. Кәсіпкерлер өз кезегінде өнеркәсіптік кәсіпорындарды несиелендіру, мемлекеттік сатып алулар жүйесін жетілдіру және несие қаражаттарының қолжетімділігін арттыру секілді мәселелерді көтерді. Бұл ретте Бақытжан Сағынтаев Үкімет жұмысының еліміздің экономикалық өсімінің қозғаушы күшіне айналуға тиісті бизнес ұстанымдарын нығайтуға негізделгенін атап өтті. Өңірде бұған алғышарттар бар. Мәселен, өңірдегі ірі жиһаз фабрикасы неміс технологиясымен жұмыс істейді. Жоба құны - 1,1 миллиард теңге.

Михаил Пшеничный, кәсіпорын басшысы:

- Бизнестің жол картасы аясында осы жиһаз фабрикасын салдық. 730 миллион теңге көлеміндегі несие қаржысы ғимарат құрылысына жұмсалды. Жиһазды өңдеп және оны замануи үлгіде жасауға мүмкіндік беретін тағы бір цехты іске қосамыз.

«Аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек». Өнім өңдеу сапасын жақсартып, тауарларды сақтау, тасымалдау және өткізудің тиімді жүйесін құру да жолдауда жүктелген міндет. Премьер-министр агроөнеркәсіп кешенін дамытуда жаңа мемлекеттік бағдарламаларды тиміді пайдалану қажеттігін тапсырды. Жаңа өндірістік желілерді іске қосқан шұжық фабрикасының жұмысымен танысты. Сапар барысындағы маңызды іс-шараның бірі өңір тұрғындары және батыс аймақтардың құрылыс саласы өкілдерімен бірге «Нұрлы жер» бағдарламасының іске асырылуын талқылау болды. Бағдарлама аясында салынатын үйлерге коммуналдық желілер тартуға биыл 11 миллиард теңге бөлмекші. Жалпы, аталған бағдарлама арқылы алдағы 15 жылда 1,5 миллион отбасы баспаналы болмақ. Жиын барысында міндетті медициналық сақтандыруды енгізу жәйі де сөз болды. Үкімет басшысы халық арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуі қажеттігін тапсырды.

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов, Қанат Махмұтов.

Хабар 24 телеарнасы