388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Неміс сарапшылары: Біз Қазақстанның жаңғырту ниетін қолдаймыз

  • 1255
  • UPD: 11:44, 31.03.2017

Қазақстанның үшінші жаңғыруы кезеңінде білім беру жүйесі орта буынға айналуы тиіс.

Президенттің бұл бастамасы дамыған 30 мемлекеттің қатарына бастайтын бірден-бір жол. Бұл - неміс сарапшыларының пікірі. Олардың айтуынша, адами капитал сапасын жақсарту - мемлекеттің табысты дамуының басты факторларының бірі.

Ганс-Эрих Бильгес, «Bild» басылымының бұрынғы шеф редакторы, Consultum Communications бастығы:

- Қазақстан 25 жылда толағай табыстарға қол жеткізді. Меніңше, бұл өте аз уақыт. Біз Қазақстанның жаңғырту ниетін қолдаймыз. Айта кетейін, Президент жолдауы - болашаққа жол бастайтын өте көлемді әрі мағыналы дүние. Дамыған 30 мемлекеттің қатарына ену - өте үлкен мақсат. Сіздер дұрыс жолда келе жатырсыздар. Қазақстанда мансап жасауға дайын жастар өте көп. Мемлекет білім саласына айрықша көңіл бөледі. Ол жоғары және кәсіптік білімге қатысты. Ал бұл жетістікке жетудің бірден-бір кепілі.

Хабар 24 телеарнасы