Ақмола облысында кәсіби қабылдаушы отбасы институты жұмысын бастады

Кәсіби қабылдаушы отбасы - бұл қиындыққа тап болған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды уақытша орналастырудың бір түрі.

Яғни балаларға қауіпсіз әрі жайлы отбасылық орта құру мақсатында ұйымдастырылады. Баланың мұндай отбасында болуының ең ұзақ мерзімі алты ай. Пилоттық жоба аясында бір отбасы 4 балаға дейін асырап ала алады. Бірінші кезекте қабылдаушы отбасының жағдайы мен тұратын тұрғын үйі тексеріледі. Себебі бір балаға 15 шаршы метрден орын бөлінуі тиіс. Ата-аналар арнайы оқыту курстарынан өтеді. Жалпы былтыр өңірде 171 бала  қиын жағдайға тап болған. Бірақ олармен жұмыс істейтін қажетті маман тапшы,-дейді жауаптылар. Әзірге тек 2 өтінім ғана түскен.

Құралай Жұмабекова,  "АНА ҮЙІ" қоғамдық қорының маманы:

- Қазір біздің өңірде психологиялық қызмет жағы ақсап тұр. Қиын жағдайға тап болған балалармен жұмыс істейтін білікті психолог жоқ. Жалпы, кәсіби қабылдаушы отбасы мен асырап алушы жанұяның өзіндік айырмашылығы да бар. Мұнда  ата-ана қарауынсыз қалған бала жетімдер үйіне жіберілмейді. Бірден осы отбасыға беріледі. Бұл өз кезегінде баланың психологиясына оң әсер етеді.