ТКШ саласын реттеуге арналған жаңа заң жобасында қандай өзгерістер болады?
Енді тұрғындардың баспананы жөндеуге жинайтын ақшасын дербес орган қадағалауы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын реттеуге арналған жаңа заң жобасына осындай өзгеріс енгізу көзделіп отыр. Жаңашылдық жөнінде арнайы маманмен тілкелей эфирде сұхбаттасамыз. «Нұр Отан» партиясы жанындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі сарапшылар кеңесінің мүшесі Виктор Сыздықов бізбен байланысқа шықты.