378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Қазақстандағы кедейлік шегі анықталды

  • 1198
  • UPD: 13:59, 07.01.2019

Қазақстанда ең төмен күнкөріс шегінің көлемі 26440 теңгені құрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Статистика саласының мамандары ел азаматтарының азық-түлікке орташа есеппен қанша теңге жұмсайтынын шотқа салып санап берді. Агросектор өнімділігін арттыруға баса мән берілген қазақ елі былтыр 18 мың тонна ет экспорттаған. Оның жартысына жуығы Түркістан облысы шаруаларының үлесінде екен.

Қазақстанда тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларына сәйкес есептелген «ең төмен күнкөріс шегінің» көлемі 26 440 теңгені құрады, - деп жазады «Айқын» газетінде. «Азық-түлік себетіне» кіретін тауарлар ішінде ел азаматтары ет пен балықты сатып алуға көп ақша жұмсайды екен.

«Халықтың жан басына шаққандағы орташа көлемі сыртында, ең төмен күнкөріс шегінің қазақстандықтардың әртүрлі жас топтарындағы мөлшерлері есептелді. Ол бойынша бұл көрсеткіш 0-13 жастағы балалар арасында – 21330 теңгеге, 14-17 жастағы жасөспірімдер арасында жас жігіттер үшін – 33444 теңгеге, ал қыздар үшін 25628 теңгеге тең. 18 жастан асқан, еңбекке қабілетті ересек халық арасында ең төмен күнкөріс шегі жасөспірімдерге қарағанда аз: ерлерде – 31403 теңгені, ал әйелдерде 24934 теңгені құрайды.

 

Egemen Qazaqstan газеті. Ресей қазақтары Абай өлеңдерін мәнерлеп оқудан байқау өткізді

«Бұл қанатқақты жобаға қандастарымыз Ресейдің Орынбор, Саратов, Омбы, Астрахань, Алтай, Мәскеу, Екатеринбург, Челябі, Ярославль секілді әр шалғайынан қатысып, Абай өлеңдерін оқыды. Мұндай байқау Ресей қазақтары арасында бұрын-соңды болған емес. Оның екі ерекшелігін атап айтқым келеді. Алдымен біз өркениеттің жетістігін пайдаландық. Кең байтақ Ресейдің түкпір-түкпірінде тұрып жатқан ағайындар Абайдың өлеңдерін бейне таспаға жазып, жіберді. Оны ресейлік және одан тыс жердегі қазақтар интернет арқылы көріп отырды. Қазылар алқасы да қорытынды шығарарда телефон байланысы арқылы көпшіліктің пікірін біліп, оларды ескере отырып, жеңімпазды анықтады», - деді Орынбор облысы қазақтарының көшбасшысы Сәуле Тәйкешева.

Алдағы уақытта бұл жоба жалғасын табатын болады. Ендігі кезек «Батырлар жыры» эпостарына берілмек.

https://egemen.kz/article/179962-resey-qazaqtaryabay-oelenhderin-manerlep-oqudan-bayqau-oetkizdi

 

Елордалық жастар суықта қар күрегендерді ыстық шаймен қуантты

Қазақстанда бет қарыған аязды ауа райы сақталып тұр. «Қаһарына мінген саршұнақ аязға қарамай, елорда көшелерін қардан тазартушы қызметкерлерге жастар ыстық шай ұсынды» деп жазады «Айқын» газетінде. Белсенді жастар таңертеңнен шағын автобуспен қала ішін аралап, жұмыс істеп жатқан қызметкерлерге тіскебасар ұсынып, оларды шайға шақырды. Ал өздері жұмыс тоқтап қалмас үшін қолға күрек алып, жол жиегіндегі қарды тазалап, жаяу жүргіншілер жолын мұздан тазартуға көмектесті.

Данияр Сүндетбаев, «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы:

-Былтыр жастар Жаңа жыл мерекесі кезінде өзгелер демалып жатқанда жұмысы тоқтамайтын коммуналдық сала қызметкерлердің жұмысына алғыс айту мақсатында осы акцияны бастап еді. Кейінірек еліміздің жастары қосылып, әр аймақта ыстық шай беру шаралары көбейді. Әсіресе, Астана, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан секілді қысы қатты аймақтарда аяз кезінде бір топ жас көшелерге шығып, өзгелерге көмектескені қуантады.

https://aikyn.kz/2019/01/05/77016.html

 

Шетел нарығы қазақстандық еттің дәмін сезе бастады

Күрең қою шайдан бөлек қазаққа ет жақын екені белгілі. Жесең тісіңе, жемесең түсіңе кіретін етке бүгінде шетелдіктер тарапынан сұраныс көп. Әсіресе қазақстандық ет өнімдеріне Сауд Арабиясы, Вьетнам қызығушылық танытып отыр. 180 миллион гектардан астам жайылымдық жері бар отандық шаруалар өткен жылы 18 мың тоннадан астам ет экспорттаған. Оның тең жартысы Түркістан облысына тиесілі екен. Халқымыздың жартысынан көбі ауылда тұрады, сондықтан мал шаруашылығы айналысу біз үшін өте қолайлы.

Өмірзақ Шөкеев, Премьер-министрдің орынбасары – Ауыл ша­руашылығы министрі:

Жыл өте берекелі, астықты болды. 22,8 млн тонна астық жиналды. Экспорт былтырға қарағанда 34% ұлғайды. Ет экспортын, өткен жылы уәде бергендей, 5 мың тоннадан 18 мың тоннаға жеткіздік. Келесі жылы 30 мың тоннаға жеткіземіз деп отырмыз. Сондықтан осы жыл ауыл шаруашылығы саласына өте берекелі әрі табысты жыл болды деп ойлаймыз. Алдағы уақытта еліміздің 2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы өзгертілмек. Ет экспортын 2 миллиард 600 миллион долларға дейін жеткізуге еліміздің бар­лық мүмкіндігі бар.

https://aikyn.kz/2019/01/05/76987.html

 

«Қайсар» командасы жаңа маусымға дайындығын бастады

Еліміз бойынша алғаш болып Қызылорданың «Қайсар» футбол клубы оқу-жаттығу жиынын бастады, деп хабарлайды «Сыр бойы» газеті. Қаңтардың 4-27 аралығында өтетін жиында жергілікті жастардың ойынына баса мән берілмек. Сондай-ақ бірқатар отандық және шетелдік футболшылар қаралымнан өтеді.

https://syrboyi.kz/negizginews/27348-aysar-komandasy-zhaa-mausyma-dayyndyyn-bastady.html

«Алғашқы жиында «Қайсар» Украинаның «Олимпик» командасымен кездеседі. Одан кейін 24 қаңтарда Әзірбайжанның «Сабаил» командасымен шеберлік байқасады. Бұдан бұрын «Қайсар» командасының бас бапкері Стойчо Младенов биыл да қызметін жалғастыратынын хабарлаған едік. Сырбойылық ұжым 2019 жылы жүлделі орынның біріне ілігу мақсатын көздеп отыр.

Телеканал Хабар 24