378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Елімізде БЖЗҚ кеңсесіне бармастан зейнетақы есепшотын ашуға болады

  • 856
  • UPD: 11:20, 08.01.2019

2018 жылы 27 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының халық­ты жұмыспен қамту мәсе­ле­лері бойынша бірқатар заң актілеріне өзгерістер мен толық­ты­рулар енгізу туралы» заңына енгізілген толықтырулар мен түзе­тулер зейнетақы төлем жүйе­сін оңтайландыруға бағытталған болатын. Зейнетақы ережелеріне енгізіл­ген өзгерістер биыл бірінші тоқсан­нан бастап жұмыс істейді. Қор жарна төлеуші жайлы бар­лық қажетті мағлұматты, жеке куә­лігі, тұрақты мекенжайы тура­лы мәліметтерін мемлекеттік органдардың деректер жүйесінен автоматты түрде алады.

Алматы облысы Талғар ауданында тау-шаңғы кешені ашылды

Алатаудың бөктерінде тағы бір демалыс орны ашылды. Жетісу өлкесінің туристік әлеуетін жаңа сатыға көтерген нысан Алматы облысы Талғар ауданында іске қосылып отыр. Теңіз деңгейінен 1500-1800 метр биіктікте тұмса табиғат аясында орналасқан тау-шаңғы кешенінің жалпы аумағы 85 гектар жерді алып жатыр. Мұнда шаңғы, скейтборд, үрленген камералармен сырғанауға болады.

Амандық Баталов, Алматы облысының әкімі:

«Ойқарағай - Лесная сказка» тау-шаңғы кешені мемлекет пен жекеменшік әріптестігі нәтижесінде салынып, пайдалануға беріліп отыр. Кешеннің заманға сай болуына «Қазақ Туризм» ұлттық компаниясы мен австриялық мамандар үлес қосты. Елбасы Алматы облысына келген сапарында туризм кластерін қалыптастыру туралы тапсырма берген еді. Соның ішінде Шымбұлақтан бастап Түрген шатқалына дейінгі аралықта тау туризмін дамыту қажеттігін айтқан болатын. Соған байланысты бүгін, міне, жаңа тау-шаңғы кешенін ашып отырмыз. Мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, республикалық маңыздағы автокөлік жолынан кешенге дейінгі 6,2 км жолға күрделі жөндеу жасадық. Осы тау-шаңғы курортына инвестор өзінің жеке қаражаты есебінен 60 млн АҚШ долларын құйды. Бұл - отбасымен келіп, таудың таза ауасымен тыныстап, шаңғы теуіп, сырғанап, демалуға таптырмайтын орын.

Қамбар Бекенов, тілші:

- Ал жыл сайынғы «Бір ел-бір кітап 2019» республикалық акциясының барысында оқылатын  жыл кітабы анықталды. Бұл туралы Сыр бойы газетінде жазылыпты.

Өткен жылы кітапты таңдауға дауыс беру әлеуметтік желіде қызу талқыланған болатын. Аталған жобаны қорытындылау мақсатында республикадағы барлық кітапхана басшылары мен қызметкерлері және оқырмандарының қалауымен республикалық акция аясында жазушы Әбіш Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романы мен ақын Әбділда Тәжібаевтің өлеңдерін оқу таңдап алынды.

Қамбар Бекенов, тілші:

- Сонымен биылдан бастап жеке зейнетақы есепшотын ашу жеңілдейді. Азаматтар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кеңсесіне бармай-ақ есепшот аша алады делінген Айқын газетінде. Бұрын Бірыңғай жинақтау­шы зейнетақы қорында жеке тұлғалар жеке зейнетақы есеп­шо­тын ашу үшін БЖЗҚ бөлім­ше­леріне арнайы барып, өтініш жазатын. Бұдан былай жаңа жарна төлеу­ші­лер үшін БЖЗҚ түскен алғаш­қы жарна негізінде авто­матты түрде есепшот ашылатын болды.

Қамбар Бекенов, тілші:

- Қазақстанда сексеуіл кесуге тыйым салу мерзімі тағы 5 жылға ұзартылды. Бұл туралы Өскен өңір газетінде мақала шығыпты. Еліміздің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығы негізінде 2015-2018 жылдар аралығында да мұндай шектеу қабылданған болатын. Табиғатты қорғауға бағытталған шаралар негізінде сексеуіл плантацияларының көлемін арттыруға қол жеткізілді.

Сексеуілді кесуге мораторий 5 жылға ұзартылды

Айбек Жолақанов,облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы:

- Бүгінде Сыр өңіріндегі орманды жерлердің 87 пайызында шөлге шыдамды ағаштың осы түрі өседі. Айта кетейік, «Ормандарды сақтау және республиканың орманды жерлерін көбейту» жобасы аясында 2008-2014 жылдар аралығында Арал теңізінің құрғаған ұлтанына 57 мың гектардан астам сексеуіл, сарсазан тәрізді, шөлге, сортаң топыраққа бейімді ағаш-бұта түрлері отырғызылды. Биыл тағы 10 мың гектар теңіз ұлтанына сексеуіл егілмек. «2018 жылы осы күнге дейін сексеуіл плантацияларын заңсыз кесудің 49 дерегі тіркелді.

Телеканал Хабар 24