375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Каир университетіндегі әл-Фараби орталығы базасында бірінші рет қазақ тілін оқыту пәні енгізіледі

  • 1127
  • UPD: 13:41, 10.01.2019

Египеттің Каир университетінде әл-Фараби ғылыми-білім орталығы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Әл-Фарабидің философиялық мұрасы» халықаралық ғылыми семинары ұйымдастырылып, фарабитанушы ғалымдар шығыстың ұлы ойшыл мұралары және өскелең ұрпақтың рухани-өнегелік тәрбиесіндегі оның идеясының өзектілігі жайлы баяндамалар жасады. Каирдағы Қазақстан Елшілігінің бастамасымен осы жылдан бастап әл-Фараби орталығы базасында бірінші рет қазақ тілін оқыту пәні енгізіледі», деп жазылған Айқын газетінде.

Ізгілікті қоғам азаматын қалыптастыру. Заманауи университеттер миссиясы» халықаралық жобасының БҰҰ Өркениеттер альянсымен бірлесе жүзеге асырылды. Каир университетіндегі әл-Фараби орталығы тек әл-Фараби, Бейбарыс сұлтан мұраларын ғана емес, достас мемлекеттер арасындағы ортақ тарихи және мәдени құндылықтарды оқытып, насихаттайтын жақсы платформа қызметін атқарады.

Телеканал Хабар 24