378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Қазақстанда айыппұл мөлшері қанша процентке артты?

  • 1154
  • UPD: 13:31, 11.01.2019
Қазақстанда айыппұл мөлшері қанша процентке артты?

Жылдамдықты сағатына оннан жиырма шақырымға дейін арттырғандар осыған дейін 12 025 теңге айыппұл төлеп келсе, биылдан бастап оның көлемі 12 625 теңгеге тең болмақ. Тротуарда, гүлзарда, көгалда, ойын және спорт алаңдарында тоқтап тұрғандар 24 050 теңгенің орнына 25 250 теңге төлейтін болады. Көлік салығы да былтырғы жылмен салыстырғанда арта түскен. Мысалы, 2018 жылы ел қазынасына 4 810 теңге төлеп келген қозғалтқыш көлемі шағын литрлы көлік иелеріне 2019 жылдан бастап 5 050 теңге болып бекітілді. Ал көлемі зор темір тұлпарлардың қожайындары 281 385 теңгенің орнына, 295 425 теңге көлеміндегі қаржысынан қағылады.

Жаңа жылдан бастап елімізде айыппұл мөлшері қанша процентке артты?

Қазақстан Төлқұжаттар индексінде 2 сатыға жоғарылап, 67-орынға көтерілді. Бұл туралы Сыр бойы газеті хабарлайды. Рейтинг басында Жапония тұр. Жапондықтар визасыз 190 елге саяхаттай алады.

Қазақстандықтар визасыз қанша елге бара алады?

- Одан кейінгі орындарда 189 елдің есігі ашық Оңтүстік Корея мен Сингапур тұр. Үздік үштік қатарына Германия мен Франция енген. Көрші Ресей 48-орында. Ресейліктер 119 мемлекетке емін-еркін барып-келе алады. Өзбекстандықтар мен тәжікстандықтарға 56, қырғыздарға 64 және түрікмендерге 53 елдің есігі ашық екен. Төлқұжаттар индексі Халықаралық әуе көлігі қауымдастығымен 2006 жылдан бері жарияланып келеді.

Ел тұрғындарына тегін дәрі-дәрмектің уақытылы жеткізілмейтіндігі анықталып отыр

Денсаулық сақтау министрлігі жүргізген сауалнама нәтижесінде 441 қазақстандық мүлдем, ал 10 адам ішінара дәрі алмағандығын айтқан. Жанға дауа дәрі-дәрмек қолға тимегені туралы хабарламаның басым бөлігін Атырау, Қызылорда, Алматы, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары, Алматы және Астана қалаларының тұрғындары жолдаған.

Қазақстанда жазылған рецептілер мен қолма-қол берілген дәрі саны бір-біріне сәйкес келмейтін 10 медицина мекемесі анықталды. Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысындағы Защита темір жол ауруханасы, Өскемен қаласындағы №1 және №2 емханалар, Қарағанды қаласындағы №1 емхана, Түркістан облысы Келес аудандық «Абай» ауруханасы, Алматыдағы №5 қалалық клиникалық аурухана мен №23 емхана, Астанадағы «Шипагер» отбасылық денсаулық орталығы бар.

2019 жылы Қазақстанда айыппұл мөлшері бес пайызға артты. Көлік салығы да көбейді. Айлық есептік көрсеткіш мөлшері өзгергендіктен көлік иелерінің де біраз ақшадан қағылуына тура келеді деп хабарлайды Қармақшы таңы газеті. Сондай-ақ автокөлік иелерінің түрлі жағдайларға қатысты жасайтын төлемдерінің де көлемі артты.

Телеканал Хабар 24