QazBooks. Энтони Кенни «Антика философиясы»

«Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек.» Бұл Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласының үзіндісі. Ұлт көшбасшысы осы ойды сабақтай келе, экономика және гуманитария саласындағы әлемнің әдебиеттерін қазақ тіліне аудару бастамасын көтерген болатын. Нәтижесінде «100 жаңа оқулық» жобасы қарқынды түрде іске асып жатыр. Бағдарламамыздың бүгінгі саны орта ғасырлардағы философия туралы еңбекке арналмақ. Ал нақтырақ айтсақ, сэр Энтони Кеннидің «Батыс философиясының жаңа тарихы: Антика философиясы» кітабы туралы баяндаймыз.