Предупреждение
  • JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 100
378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Белгісіз жағдайда жоғалған қыз 19 жылдан кейін елге оралды

  • 730
  • UPD: 13:49, 01.03.2019

19 жыл жат жерде жүрген қаракөзіміз елге оралды.

«Егемен Қазақстан» газетінде 2000 жылы жоғалып кеткен Әсел Дүйсенбаеваның тағдыры туралы мақала жарық көрді. Ол 16 жасында Душанбе-Саратов пойызына мініп, Тəжікстан елінен бір-ақ шыққан.

Туыстары оны қанша іздесе де, таппапты. Тіпті үміттерін де үзе бастаған. Әсел бағына қарай Душанбедегі қазақстандық кәсіпкер Нұрқасым Хамзаұлының дəмханасына даяшы болып жұмысқа орналасыпты. Іскер азамат келіншек туралы елге хабарлап, ол елшілік арқылы туған жері Атырауға оралды. Үзіндіге үңілейік.

«Egemen Qazaqstan» gazeti

«Елшілік қызметкерлерінің көмегімен Душанбеден Алматыға, одан Атырауға жеткен Əсел Дүйсенбаеваны əуежайдан анасы мен туыстары күтіп алды. «Отаныма, отбасыма оралғаныма қуаныштымын, көмектескен адамдардың бəріне шексіз ризамын», - дейді Əселдің өзі. Тəжік елінде өткен өмірі туралы ашылып сыр айтқысы келмеді. Біз де қинай қоймадық. 19 жыл бойы жат жерде жүріп, ана тілін ұмытқаны болмаса. Ол оралды. Қуаныштысы да осы».

Телеканал Хабар 24