378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Балалар үйіндегі тәрбиеленуші саны 3 мыңға азайған

  • 719
  • UPD: 12:42, 06.03.2019
Балалар үйіндегі тәрбиеленуші саны 3 мыңға азайған

Жетім көрсең жебей жүр дейді дана халқымыз. Бір қуанарлық дерек келтірсек. Елімізде соңғы үш жыл ішінде балалар үйіндегі тәрбиленушілер саны 3 мың балаға азайыпты. Дегенмен, кәмелет жасына толған бозбала мен бйжеткендерді оқыту, жұмысқа орналастыру мен баспанамен қамту мәселесінде әлі де кемшіліктер бар. Бұл жөнінде «Егемен Қазақстан» газетінде көлемді мақала жарияланды. Мақала авторы нақты сандарды тізбелейді.

«Елімізде жетім және ата-ана­сының қамқорлығынсыз қалған 25 376 бала бар. Республика бойынша 9 ірі балалар үйі жұмыс істейді. Балалар үйінен бөлек, білім беру жүйесінде 23 отбасы үлгісіндегі мекеме болса, он­да 849 бала тәрбиеленеді, соны­мен бірге 2 797 бала тұратын 43 ба­лалар үйі және мектеп-интер­нат бар. Ден­саулық сақтау жүйе­сінде 21 балалар үйі, халықты әлеу­мет­­тік қорғау жүйесінде 18 меди­­циналық-әлеуметтік мекеме тіркелген. Қазақстанда тәрбиеле­ну­шілерді табысты дербес өмірге дайындау мақсатында балалар үйінің түлектері тұра­тын 14 жас­өс­пірімдер үйі ашыл­ған.

Телеканал Хабар 24