379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Елімізде соңғы төрт жылда 44 мың жұмыс орны ашылды

  • 408
  • UPD: 12:34, 27.03.2019
Елімізде соңғы төрт жылда 44 мың жұмыс орны ашылды

Индустрияландырудың екінші бесжылдығы аясында 44 мың тұрақты жұмыс орны ашылды.

Министр Роман Скляр осылай мәлімлдеді. Биыл бесжылдықтың соңғы жылы. Жоба іске асырылған 4 жылда жалпы сомасы шамамен 4 трлн 900 млрд теңгеге тең 480 жоба іске қосылды. Бұл ретте ол тау-кен металлургия кешені, химия, фармацевтика, жеңіл және азық-түлік өнеркәсібі, құрылыс индустриясы, энергетика, мұнай өңдеу, агроөнеркәсіп кешені және ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу салаларын атады. Есепті кезеңде жалпы ішкі өнімдегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 10 проценттен 11,6 процентке дейін артты. Ал саладағы жұмыспен қамтылғандар үлесі 6 жарым проценттен шамамен 7 процентке дейін өсті. Өткен жылы отандық өнеркәсіпте 4,1 проценттік өсім байқалды. Министрдің айтуынша, өңірлер арасында өңдеу өнеркәсібіндегі оң динамика бойынша Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау мен Ақтөбе облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы көш басында.

Телеканал Хабар 24