379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


«Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмі көкшелік көрерменнің көңілінен шықты

  • 1179
  • UPD: 14:38, 27.03.2019

Ілияс Есенберлиннің трилогиясы негізінде түсірілген «Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмі көкшелік көрермендердің көңілінен шықты.

Бұл туралы Ақмола облыстық «Арқа ажары» газеті жазады. «Алмас қылыш» романының желісі бойынша түсірілген кинотуындыда Шайбани мемлекетінің патшасы Әбілқайырдың қазасы, Сығанақтың қазақ хандығына қарауы, Керей ханның қайтыс болуы мен таққа Жәнібек сұлтанның отыруы секілді тарихи оқиғалар баяндалады. Жергілікті зиялы қауым өкілдері кинотуынды өз ойларымен бөлісіпті.

Жабал Ерғалиев, жазушы:

- Ұлы жазушы, жерлесіміз Ілияс Есенберлиннің трилогиясы негізінде түсірілген бұл фильм қазақ хандығының құрылуының аса қиын да күрделі кезеңін қамтиды. Осы фильмді көріп отырып, халқымыздың өз жері мен ұрпағын сақтап қалудағы қилы жолынан хабардар боласың. Төл тарихымызды бүкіл әлемге танытатын осындай керемет туындыларымызды көбейтіп, қазақтың кім екенін, қандай ел болғанын паш ететін уақыт жетті.

Телеканал Хабар 24