384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Uber Careem компаниясын толығымен сатып алды

  • 1122
  • UPD: 15:17, 29.03.2019

Өткен жылы америкалық танымал жазушы Джеймс Паттерсон 4,8 миллион дана кітабын сатып, 86 миллион АҚШ доллары көлемінде пайда тапты, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Осылайша Америкадағы табысты авторлар көшін бастады. «Форбс» басылымы былтыр құрама штаттарда ең танымал 11 жазушының ортақ табысы 283 миллион долларды құраған деген мәлімет таратты. Бір жыл ішінде әлгі жазушылардың 25 миллионға жуық кітабы сатылған. Шығармасы соншалық сұранысқа ие болған авторлар кім?

Шынында, Патерсон америкалық оқырман үшін аса танымал. Ол соңғы жиырма жылдың ішінде табысы көп жазушы авторлардың көш басына он рет шықты. «Оның құпиясы қайсарлығында», – дейді оқырмандары. Сонда ол қандай қайсарлық танытты?

Америкалық «Форбс» басылымы елдегі табысы ең көп 11 автордың атын жариялады. Бірінші орынға Джеймс Патерсон жайғасқан. Жалғыз өзінің жылдық табысы 86 миллион АҚШ долларына тең. Екінші орынға атақты «Гарри Поттер» романының авторы ағылшын жазушысы Джоан Роулинг иелік етті. Оның жылдың табысы 54 миллион АҚШ долларын құрады. Ал үштікті америкалық Стивен Кинг түйіндеді. Ол 2,7 миллион дана кітабын сатып, 27 миллион доллар пайда тапты. Сондай-ақ үздік бестікке Джон Гришэм, Джефф Кинни сынды туынды авторлары кірген.

Алғашында жазушының шығармалары зиялы қауымға ұнамаған болса керек. Бірінші туындысын шығарудан 33 баспа үйі бас тартыпты. Алайда ол алған бетінен қайтпай, өз кітабын ақыры жарыққа шығарды. Осы қайсарлығы оқырмандарына қатты ұнаса керек. Сарапшылардың айтуынша, ол келер жылы да табысты авторлардың көш басында болуы мүмкін. Өйткені Американың бұрынғы президенті Билл Клинтонмен бірге жазған кітабына сұраныс өте жоғары. Айналдырған 3-4 айдың ішінде 660 мың данасы сатылған. 

Uber Careem компаниясын толығымен сатып алды

Америкалық Uber компаниясы әлемдік деңгейдегі басты бәсекелесі Careem-ді толығымен сатып алды. Онлайн такси қызметін ұсынатын Careem Таяу Шығыс, Африка және Азияның оңтүстігінде орналасқан 14 мемлекетте жалпы саны 100-ден астам қалада қызмет көрсетеді. Осындай алып компанияны иелену үшін Uber басшылығы 3,1 миллирд АҚШ долларын төлейді. Қаржының 1 жарым миллиардтайы қолма-қол, 1,7 миллиарды онлайн аударымдар арқылы ал қалғаны құнды қағаздармен есептеледі. Келісім келер жылдың алғашқы жартысында толық аяқталады деп жосапрланған. Оған дейін тиісті органдар мен монополияға қарсы агенттіктердің мақұлдауынан өтуі тиіс. Ал Таяу Шығыс елдерінде танымал такси қызметінің негізін қалаған Мудассир Шейх пен Магнус Олссон компания сатылғанымен, оның директорлар кеңесінің мүшесі ретінде қала береді.

Қазақстанда пластик өңдейтін екі зауыт салынады

Қазақстанда полиэтилен мен полипропилен өндіретін екі заут салынбақ. Жоба құны шамамен 9 миллиард АҚШ долларына тең. Энергетика министрлігі өкілдерінің айтуынша, бүгінде Атырау облысында алғашқы зауыттың құрылысы басталған. Ол жылына 500 тонна полипропилен өңдеуге қауқарлы болады. Кәсіпорын 2021 жылы іске қосылады деп жоспарланған. Ал екінші зауыттың техникалық-экономикалық негіздері талқыланып жатыр. Егер жоба мақұлданса, қуаттылығы жылына 1,25 миллион тонна полиэтилен шығаратын зауыт құрылысы басталады. Жоба жалпы құны 6 жарым миллиард АҚШ долларына бағаланған.

Айта кетейік, елдің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр жыл соңына дейін Қарағанды облысында ферросилиция өндіретін, Алматыда болат құбыр шығаратын зауыт іске қосылатынын айтқан. Биыл елде өңдеу өнеркәсібінің өсімін 104% жеткізу мақсаты қойылған. Ол үшін жалпы сомасы 1,1 трлн теңгенің 120-ға жуық жобасын іске қосылмақ. Егер барлығы жүзеге асатын болса, 20 мың тұрақты жұмыс орны ашылады.

Өңдеуші өнеркәсіпке инвестиция азайды

Биыл алғашқы екі айда елдің өңдеуші өнеркәсібіне 92 миллиард теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 58 процентке аз. Былтыр қаңтар мен ақпанда дәл осы салаға 221,4 миллиард теңге салынған болатын. Республика бойынша төмен көрсеткіш болағынмен кей өңірлерде өсім байқалады. Мәселен, Ақтөбе облысына 8,1 миллиард теңге тартылған. Бұл өткен жылмен саластырғанда 6 процентке жоғары. Ал Алматы мен Қарағандыда 2 өңдеуші салаға салынған инвестиция 2,1 есеге артқан. Шығыс Қазақстан облысы да бизнесмендермен бірлесе жұмыс істеуге басымдық берген. Биыл өңірдегі инвестициялық өсім екі есеге артты.

Қазақстандық шаруалар оңтүстікамерикалықтармен әріптестікті күшейтеді

Қазақстан ауылшаруашылық саласы бойынша Оңтүстік Америка елдерімен әріптестікті күшейтеді. Осы мақсатта ел делегациясы Аргентина, Бразилия және Уругвай мемлекеттеріне барып, сол елдегі шаруалармен кездесті. Себебі бұл елдердің экспортының басым бөлігі ауылшаруашылық тауарларының үлесінде. Нақтырақ айтсақ, Аргентина экспортының 60 проценті Бразиляның 44, ал Уругвайдың 64 процент ауылшаруашылық өнімдерінің үлесінде. Мәліметтерге қарағанда, әлемдегі ірі қара малдың 30 проценті, ал ет экспортының жартысынан көбі осы үш мемлекетке тиесілі.

Қазақстандық қор биржасындағы соңғы сауда-саттық нәтижесі бойынша АҚШ долларының бүгінгі бағамы 380 теңге 6 тиынды құрады. Шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде 381-382 теңгеге сатып алуға болады.

Авторы: Талғатбек Әбдіқожа

Телеканал Хабар 24