379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Елімізде сүттің бағасы қымбаттады

  • 538
  • UPD: 12:12, 11.04.2019
Елімізде сүттің бағасы қымбаттады

Елімізде сүт қымбаттады. Дегенмен, өнімге деген сұраныс азаймады, керісінше 7 процентке артқан.

Өткен жылы тұрғындар жан басына шаққанда 64 литр сүт ішіпті. Ең көп тұтынушылар алматылықтар. Одан кейін Ақмола, Қарағанды облыстарында көп сүт қолданылған. Жыл басынан бері 2 тонна сары май, 4,3 мың тонна ірімшік, сүзбе, 84 мың тонна сүт өндірілді. Бірақ сүт өнімдері өткен жылмен салыстырғанда 1 тоннаға дейін азайған. 

Жазда елімізде жаңа күн электр станциясы іске қосылады. Қапшағайдағы нысан жоспар бойынша өткен жылдың аяғында пайдалануға берілуі тиіс еді. Бірақ мердігерлердің ауысуына байланысты уақыты шегерілді. Сингапурлық компания 27 млрд теңге инвестиция құйған. Қуаты 100 МВт болатын станцияда 32 адам жұмыс істейді.

Телеканал Хабар 24