Агробизнес | Қырыққабат көбелегінің шабуылы: қазақстандық рапс өсірушілер шығынға ұшырады

Рапс – майлы дақылдардың бір түрі. Оны өсіру оңай емес. Әжептәуір уақыт, күш жән қаржы жұмсау қажет. Алайда қазақстандық дихандар дәл осы өнімге қатты қызығады. Неге десеңіздер нарықта рапстың құны жоғары. Яғни, шөптесін өсімдікке ерекше көңіл бөліп, алқаптардың аумағын арттыру арқылы мол пайдаға кенелуге болады. Бірақ, алдағы күзде шаруаларымыз көл-көсір табыс таппайтын сияқты. Талдаушылардың сөзінше үстіміздегі жылы ел экономикасына рапстан ондаған миллион доллар түспейді. Мұнын себебі орамжапырақ күйе көбелегіне байланысты болып отыр. Аталған зиянкес биыл егістік жерлерге біраз зардап тигізді. Бүгін осы жайлы айтамыз.