Бизнестегі түйткілдерді қарайтын жұмыс тобы құрылады
Үкіметте кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды 24kz.
Жиынға мемлекеттік орган өкілдері мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүшелері қатысты. Тараптар бизнестің маңызды бағыттарына жүргізілген талдау нәтижелерін қарады. Атап айтқанда, жеңіл өнеркәсіп тауарларын таңбалау және оларды қадағалау талқыланды. Сондай-ақ жоғары вольтты жабдықтарға қойылатын қауіпсіздік талаптары мен тауарлардың белгіленген стандарттарға сәйкестігін растау мәселесіне назар аударылды. Кәсіпкерлік қызметте адам құқықтарын сақтау бойынша арнайы жұмыс тобы ұсынымдарын берді. Серік Жұманғарин сала серпілісіне қатысты бірқатар тапсырма жүктеді. Бұдан бөлек, отырыста бизнестің өзекті мәселелерін шешу үшін жұмыс тобын құру ұсынылды. Ол екі аптада бір рет бас қосып, әр сала бойынша кәсіпкерлер тап болатын мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.